Ақтөбеде көктайғақ салдарынан көлік апаттары жиіледі

0
94
әлеуметтік желілерден

Ақтөбеде түнде жауған қар аралас жаңбырдың соңы желге ұласып, жер қатып мұзға айналды. Көктайғақ мұздың салдарынан халықтың жүріс-тұрысы қиындап, көлік апаттары жиілеп кетті.

Қаланың әрбір аудандары мен орталықтарында біршама көлік апаты болып, көктайғақ мұзға тежегіштері әл бермеген бірнеше жүк көлігі көпірден ауып кетті.

Соңы ызғарлы желге ұласқан жауын халықты әбден әбігерге салды. Қалалық аурухана мұзға құлап жарақаттанған адамдармен толды. Бүгіннің өзінде ауа райының бұл күйінен зардап шегіп ауруханаға келгендер саны жүзден асып кетті.

Көктайғақтан қозғалыстары қиындаған қоғамдық көліктер дер кезінде келмей жұмысына тап уақытында жете алмаған тұрғындар қаншама.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз