Трамп Наурыз мейрамын атап өтетін халықтарды құттықтады

0
61

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын тойлайтын халықтарды мерекемен құттықтады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды. 

АҚШ президеті Дональд Трамп:

Көктемнің алғашқы айында Наурыз мейрамын атап өтетін әлемдегі барша халықты құттықтаймын.

Иран және түркі халықтарының жыл мерекесі болып есептелетін наурыз мейрамындағы Дональд Трамптың құттықтауын басылым негізінен Иран азаматтарына бағытталған деп жазды.

Қазақ халқы ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын мемлекеттік мереке ретінде жиырма бірі мен жиырма үшінші наурыз аралығында тойлайтын болса, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғаныстан, Иран, Албания, Түркия халықтары мен Македония оны 21 наурыз күні атап өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз