Қазақстан ЕАЭО және ОА елдері арасында интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы

0
132

Сәуір айының қорытындысы бойынша интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 11 орынға көтеріліп, ЕАЭО мен Орталық Азияның барлық елдерінен озып, әлемдік рейтингіде 72-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі Finprom-ға сілтеме жасап.

ЕАЭО елдері ішінде Армения 80-ші, Қырғызстан 83-ші, Ресей 89-шы, Өзбекстан 104-ші, Беларусь 126-шы, Тәжікстан 129-шы орындарды иеленген.

Жалпы, Қазақстанда интернет жылдамдығы бір жыл ішінде 20,7 Мбит/с-тан 30,62 Мбит/с-қа дейін өскен.

Қазақстандағы интернеттің жоғары жылдамдығы мен сапасы салаға инвестициялардың тұрақты және елеулі құйылуына байланысты делінген зерттеу ақпаратында.

Мәселен, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана ақпарат және байланыс секторына құйылған инвестициялар 30,3 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6 пайызға артық. Жалпы, былтыр инвестициялар 39,1 пайызға, яғни рекордтық 178,9 млрд теңгеге дейін ұлғайған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз