Қазақстан Палестинаға 1 миллион доллар гуманитарлық көмек көрсетеді-Қасым-Жомарт Тоқаев

0
34

Қазақстан Палестинаға 1 миллион доллар гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды kazakhnews.kz

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Мемлекет басшылары кеңесінің 10-шы отырысында айтты.

“Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатыр. Ауғанстанның жағдайы да тұрақсыз. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып тұр. Бүгінде Газа Секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда, Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым”-деді Президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз