Қазақстан шекарадағы карантин шектеулерін алып тастайды

0
275

11 сәуірден бастап Қазақстан өз азаматтары мен шетелдіктерге эпидемологиялық жағдайға байланысты қабылданған шекарадағы шектеулерді жояды.

Жергілікті БАҚ-тың үкіметке сүйеніп хабарлауынша, Қазақстанның Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекараларындағы бақылау-өткізу бекеттеріндегі шектеулер алынады.

Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекараларынан әуе жолдары арқылы өтуге қойылған шектеу жойылады. Бірақ коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғаны, ревакцинация туралы құжаттар немесе ПТР нәтижесін талап ету сақталады.

Бұдан бөлек Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қырғызстан азаматтары үшін құрлықтағы шекараны ашуын сұраған. Қырғыз президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқаев бұл ұсынысқа қатысты тапсырманы құзырлы органдардың қарауына беретінін айтқан.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 2020 жылғы көктемде коронавирус індетіне байланысты жабылған. Қырғызстан азаматтары көрші елге әуе жолдары арқылы ғана өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз