ТЖМ 200-ден астам үй мен екі әлеуметтік нысанды су басқанын хабарлады

0
197
Photo: Ministry for emergency situations of the republic of Kazakhstan.

Өткен айдың соңында басталған су тасқыны салдарынан Қазақстанда 185 тұрғын үй, 78 саяжайды су басты. Бұған қоса, екі әлеуметтік нысанға су кірді. Арасында Батыс Қазақстан облысындағы мектеп те бар. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Министрдің мәліметіне қарағанда, ең күрделі жағдай БҚО мен Ақтөбе облысында қалыптасқан. Бір апта ішінде Қазақстан аумағында қар жамылғысы 60 пайыздан 30 пайызға қысқарған.

Төтенше жағдай министрі сонымен бірге суды бұру және тартып шығару жұмыстары аяқталғанын хабарлады. ТЖМ мәліметінше, ведомство Ақтөбе қаласындағы 15 саяжай учаскесін бақылауда ұстап отыр. БҚО аумағына құтқарушылар жіберілген. Ақмола және Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтанда да осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

“Су қоймалары тез толып жатыр, су ресурстары комитетімен бірге су қоймаларының толымдылығы мен қар суын өзендерге жіберу мәселесін бақылаймыз. БҚО-дағы жағдай даладағы судың күрт келуімен байланысты және қандай да бір гидротехникалық жабдықтардың қызметімен байланысты емес”, – деді министр Ильин.

Юрий Ильин сонымен бірге қазір 285 елді мекенге су басу қаупі төніп тұрғанын да жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз