Қазақстан Түркияда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елмен әуе рейстерінің санын қысқартуы мүмкін. Бүл туралы сәрсенбідегі брифингте Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
“Түркиядағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Күн сайын 50 мыңнан аса науқас тіркеліп жатыр. Күнделікті көрсеткіштерді алатын болсақ, бұл біздегіден 5,5 есе артық. Сол үшін бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысында Түркиямен рейстер санын қысқарту бойынша ұсыныс жасалды. Қазір ұсыныс қарастырылып жатыр”, – деді Есмағамбетова.
Бұған дейін Ресей Түркиямен әуе қатынасын 1 маусымға дейін тоқтатты. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты президент Режеп Тайып Ердоған елде карантиннің қатаңдатылғанын хабарлады.