Қазақстанда 500 мың теңгелік шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау басталды

0
303
photo: 24.kz

24 тамыздан бастап туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын сақтау саласындағы жобаларды іске асыруға 500 000 теңгелік шағын гранттар конкурсы ұйымдастырылуда. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер 2021 жылдың 12 қыркүйегіне дейін volunteer.kz@gmail.com мекен-жайына жіберуі керек. Грант алушыларды 2021 жылдың 19 қыркүйегіне дейін техникалық және сарапшылық іріктеуден өткізеді.

Грант алушылардың тізімі 2021 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ашық
қолжетімділікте, оның ішінде Qazvolunteer.kz волонтерлердің бірыңғай платформасында жарияланады.

Конкурсқа қатысуға жеке тұлғалардың, бастамашыл топтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдері қабылданады.

Туған өлкенің тарихи-мәдени мұра объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізуге, қалпына келтіруге және Қазақстан Республикасының мәдени-тарихи мұрасын сақтау мен дамыту жөніндегі басқа да іс-шараларға немесе жобаларға бағытталған волонтерлік бастамаларды қолдауға 500 000 теңгеден 30 грант берілетін болады.

Толығырақ конкурс туралы төмендегі сілтемені жүктеу арқылы біле аласыз:

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз