Қазақстанда әскери борышын өтеп жүргендер мамандық меңгеріп шығады 

0
183

Қазақстанда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар нарықта тапшы қажетті білімді, дағдылар мен мамандықтарды тегін алады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мерзімді әскери қызметшілер қос мақсаттағы әскери мамандықтарды меңгереді. Оның ішінде ауыр жүк машиналарының жүргізушісі, экскаваторшы, тракторшы, жол төсегіш, дизелші – электрші, байланыс мамандары және тағы басқалары бар.

Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында қазірдің өзінде жүк көлігін жүргізушілерді даярлауға арналған оқу ротасы құрылған. Жыл сайын мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 160-қа жуық маман даярлау жоспарланған. Сабақтар келер жылы басталады.

Сарбаздарға бұдан бөлек құрлық әскері, әуе қорғанысы, байланыс департаменті, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерінің кіші мамандарын дайындайтын оқу-жаттығу орталықтарында кәсіби білім берілетін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз