Қазақстанда ТМД бойынша ең ірі ауыл шаруашылығы орталығы ашылады

0
193
Photo: Facebook/John Deere Kazakhstan

23 шілдеде Көкшетауда Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ТМД бойынша ең ірі “Джон Дир” дилерлік орталығы ашылады. 

Eurasia Group AG швейцариялық компанияның заманауи аутлеті, 2002 жылдан бастап Қазақстандағы John Deere ұлттық дилеріне тиесілі.

Қазақстан аумағында жұмыс істеген жылдары компания фермерлерге 12 000-нан астам ауыл шаруашылығы техникасын жеткізді. 15 млн доллардан астам сомаға 14 өңірлік өкілдік пен 14 қойма ашқан. 400-ден астам жұмыс орнын құрған.

Ел экономикаға тартылған тікелей инвестиция $65 млн доллардан асады.

Қазіргі уақытта республика егіс алқаптарының 20%-дан астамына егін егілсе, 25%-дан астам алқапта “Джон Дир” техникасы қолданылады.

“Жаңа сервис орталығы клиенттерге қызмет көрсету деңгейін жақсартуға және инновацияларды ілгерілетуге және елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлкен үлес қосады”, – дейді компания өкілі Татьяна  Костенко.

Орталық орналасқан учаскенің ауданы 10 гектар, ал ғимараттың аумағы 13000 м2 құрайды. Әкімшілік кеңседен басқа, мұнда:

  •  уақытша сақтау қоймасы бар қосалқы бөлшектер қоймасы (7 700 м2);
  •  оқу сыныбы бар ауыл шаруашылығы техникасын күрделі жөндеу орталығы (1 000 м2);
  •  агрегаттық шеберхана (450 м2);
  •  ауыл шаруашылығындағы процестерді цифрландыру және автоматтандыру, нөлдік технологиялар, ирригация және көкөніс шаруашылығы бойынша оқыту орталығы (450 м2);
  •  техникаға арналған жабық және ашық көрме алаңдары (2 300 м2).

Сондай-ақ, орталық маңында машиналарды тест жасауға арналған алаң, бұрын пайдалануда болған техникаға арналған аумақ және ашық кеден қоймасы жоспарланған.

Мамандардың сөзінше, жаңа аутлет ауыл шаруашылығы саласының заманауи сұраныстары мен үрдістеріне жауап беретін болады. Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің болуын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Техниканы күрделі жөндеу және қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Фермерлер мен жас мамандарды ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға оқытуға мүмкіндік береді.

Eurasia Group AG – Швейцарияның Шаффхаузен қаласында орналасқан компания. 2002 жылдан бастап Қазақстандағы “Джон Дир” ұлттық дилері. Сонымен қатар JCB, Vaderstad, Lindsay және Grimme компанияларының дилері.

“Евразия Групп Казахстан” ЖШС – Қазақстандағы Eurasia Group AG өкілі. Бас кеңсесі Нұр-сұлтан қаласында орналасқан. Бас сервис орталығы Көкшетау қаласында. Қызметкерлер саны 400-ден асады. Ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету саласында еңбек етеді. Ауыл шаруашылығын цифрландыруды енгізеді және дамытады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз