Қазақстанда той жасауға ресми түрде рұқсат берілді

0
1,038
фото: news.un.org / үйлену тойы

27 қыркүйектен бастап Қазақстанда карантин шектеуін сақтай отырып салтанатты іс-шаралар, той өткізуге рұқсат берілді. Аймақтардың түсіне қарай жиын өткізуге бірқатар шектеу бар. Бұл туралы 21 қыркүйекте Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын, соңғы 2 аптада сырқат пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты.

Осыған байланысты ВАК шешімі бойынша биыл 27 қыркүйектен бастап “Ashyq” бойынша “қауіпсіз” мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен төмендегідей іс-шараларды өткізуге рұқсат берілді:

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцина алуды қолжетімді ету мақсатында әкімдіктерге әуежайда, темір жол вокзалында, ірі базар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз