Қазақстан 16 елмен әуе қатынасын жаңартады

0
118
Ұшақ. Көрнекі сурет.

21 қыркүйекте коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елдегі эпидахуалдың жақсаруына байланысты шектеу азайып, 16 елмен әуе қатынасы қайта қалпына келетінін хабарлады.

“16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту: Ресей Федерациясы, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт және Әзербайжан”, – делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын, кейінгі 2 аптада сырқаттану мен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтқан болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда той жасауға ресми түрде рұқсат берілді

Бұдан бөлек қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 ел азаматтарына Қазақстанға визасыз кіру режимі қайта басталады:

  1. Италия,
  2. Нидерланды,
  3. Франция,
  4. Германия,
  5. Испания,
  6. Жапония,
  7. Біріккен Араб Әмірліктері,
  8. Сауд Арабиясы,
  9. Кувейт,
  10. Польша,
  11. Дания,
  12. Чили,
  13. Венгрия,
  14. Корея,
  15. Чехия,
  16. Бахрейн,
  17. Катар,
  18. Монако,
  19. Кипр,
  20. Исландия,
  21. Финляндия,
  22. Мальта,
  23. Швеция,
  24. Португалия,
  25. Лихтенштейн,
  26. Словакия,
  27. Люксембург,
  28. Канада,
  29. Сингапур,
  30. Бельгия.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз