Қазақстандағы ең ірі онлайн супермаркеттің ашылғанына 3 жыл толды

0
251
Photo: Arbuz.kz

3 маусымда Қазақстандағы ең үлкен онлайн супермаркет стартап жоба Arbuz.kz-тің ел нарығында жұмыс істеп жатқанына 3 жыл толды. Осыған орай онлайн супермаркет кез келген тапсырысты тегін жеткізу науқаны басталғанын хабарлады.

Arbuz.kz күніне Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1500 тапсырыс жеткізеді. Бас директор Алексей Лидің айтуынша, тегін жеткізу клиенттер үшін сыйлық. Себебі тапсырыс берерде шектік сомаға дейін себетті толтырмауғ болады.

“Біздің клиенттер сүт немесе балалар тағамының кенеттен таусылып қалатынын айтады. Енді біз 1 теңгелік тапсырыстың өзін тегін жеткіземіз. Акция жаз бойы болады”, – деді Алексей Ли.

Басқарушы директор Арман Сүлейменовтың айтуынша, әлемдік нарықта азық-түлікті онлайн жеткізудің бірнеше моделі бар. Олар 4 категорияға бөлінеді: жылдамдық, баға, ассортимент және сапа. Біреуіне басты назар аударсаңыз, сізде жаңа модель пайда болады.

Arbuz.kz ұстанатын бизнес-модель тігінен біріктірілген: бұл үлкен ассортимент (бірнеше жерден іздеп әуреленбейсіз, сізге қажет тауардың бәрі бір жерде), баға және тапсырысты берілген күні жеткізу. Мысалы, жергілікті фермердің өнімін бір батырманы басу арқылы ғана сатып алуға болады. Жеткізушілер компанияның қызметкерлері болғандықтан, өзіңіз қалаған тұтынушының тәжірибесін бақылап, толығымен басқара аласыз. Бұл қарапайым супермаркеттің бизнес моделіне ұқсайды, сенімді клиенттер базасынан кейін тұрақты және өзін-өзі ақтайтын қаржы моделі қалыптасады.

Тапсырысты Arbuz.kz сайтының автокөліктері мен курьерлері тегін жеткізеді. 2021 жылдың сәуірінен бастап 1 сағатта жедел жеткізу қызметі іске қосылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз