Қазақстанда жануарларға қатігездік танытқандарға заңмен айыппұл салынады

0
149
Photo: inbusiness.kz

Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткендерге заң жүзінде 583 мың теңге айыппұл салынатын болады. Егер жағдай қайталанса бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жөнінде жұма күні ОКҚ-да өткен “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” брифингте айтылды.

“Құқық бұзушылық үшін жаза қатаңдатылады – жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 АЕК*-ке дейін, ал қайталап бұзған кезде 1000 АЕК-ке дейін не бір жылға дейін бас бостандығынан айыру” – делінген хабарламада.

Жаңа заң жобасын қабылдаудың мақсаты жануарларға адамгершілікпен қарауды құқықтық реттеу және оларға мейіріммен қарауды көздейді. Бұдан бөлек жануарлар мен адамның амандығы және адам бойына жанашырлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру.

“Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заң жобасын қабылдау Қазақстанның заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтады. Үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады, сондай-ақ жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды”, – деді экология вице-министрі Әлия Шалабекова.

1 АЕК* – 2917 теңге

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз