Қазақстанда жеңілдікпен автонесие беру басталды

0
304
Photo: Kolesa.kz

16 мамыр күні Қаазақстанда жеке автопаркті жаңартуды ынталандыру мақсатында ел азаматтарына жеңілдікпен несие беру бойынша автокөлік сатып алу, сонымен қатар автобустар паркін жаңарту үшін “Жасыл Даму” АҚ қаражаты есебінен әзірлен бағдарлама іске қосылды.

Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңге және өңірлердегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 миллиард теңге бөлінген.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, халыққа автокөлікті несиелендіру мынадай шарттармен жүзеге асады:

— сыйақы мөлшерлемесі 4%;

— несие сомасы 10 000 000 теңгеден аспауы керек;

— қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

— бастапқы жарна 0%-тен бастап;

— көлік құны 15 000 000 теңгеден аспайды.

Несиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

Қаржыландыру ашық өтуі үшін ЕДБ-де түпкілікті қарыз алушыға қаржыландыруды ұсыну мерзімдерінің сақталуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі болуы шарт.

Сонымен қатар қарыз алушыны екі жылда бір рет жиі емес қаржыландыру түріндегі шектеулер бар.

Лизинг алушылар үшін автобустарды сатып алу шарттары төмендегідей болады:

— сыйақы мөлшерлемесі 0,01%;

— лизинг мерзімі 7 жылға дейін

— бастапқы жарна 0% бастап;

Мемлекет жеңілдетілген автонесие түріндегі қолдаудан басқа, жеңілдік сертификаттарының қолданылу мерзімі мәселелерін шешуді пысықтап жатыр. Қазіргі уақытта ӨКМ операторының функциялары “Жасыл даму” АҚ-на беруіне байланысты осыған дейін пайдалана алмаған жеңілдік сертификаттарын пайдалануға мүмкіндік беретін тетіктер зерделеніп жатыр. Бұл сертификаттарды пайдалану тексеріске  байланысты уақытша тоқтатылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз