Былтыр пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 17,5 млн шаршы метрді құрады. 2022 жылмен салыстырғанда бұл 11,9% өскен. Бұл кейінгі 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Салынған үйдің көбі көпқабатты. 2022 жылға қарай осы типтегі жаңа тұрғын үйлердің жалпы ауданы 20% ұлғайып, 10,9 млн шаршы метрді құраған. Нәтижесінде олар жалпы көлемнің үштен екісін қамтыды.

Қалғаны жер үйлер. Сондай-ақ жатақханалар мен мамандандырылған үйлер де бар. Бірақ олардың үлесі соншалықты көп емес оны тіпті елемеуге де болады – 1% (145,7 мың шаршы метр).

Ал жаңа жер үйлердің ауданы 6,4 млн шаршы метрді құраған. Ол бұл бір жыл бұрынғыдан 0,2% аз.

Өңірлер бойынша абсолютті көшбасшылар бірдей. Астана мен Алматы жалпы пайдалануға берудің 36%-ын немесе 6,3 млн шаршы метрді құрады. Naryk.kz порталыныың хабарлауынша, Барлық басқа өңірмен салыстырғанда көлемі бойынша тек Ақтөбе облысы (1,3 млн шаршы метр) және Шымкент (1,1 млн шаршы метр) ғана ерекшеленеді.

2023 жылға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 15,3 млн шаршы метр яғни 15% артығымен орындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз