Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін тойлап жатыр

0
233

9 шілдеде қазақстандықтар күллі мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесін тойлап жатыр.

Бұл күні барша ислам дүниесі құрбан шалып, аз қамтылған отбасыларға таратады. Дастархан жайып, туыстарды аралап қонаққа барады.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты барлық мешітте айт намазы оқылып, мерекелік іс-шаралар басталып кетті.

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының онында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

фото: muftiyat.kz
фото: muftiyat.kz
фото: muftiyat.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз