Бензин және дизель отынын Қазақстаннан шығаруға тыйым 6 айға ұзартылады

0
182
photo: inbusiness.kz

12 сәуірде Үкімет отырысында энергетика министрі Болат Оралов Қазақстаннан бензин және дизель отынын шығаруға салынған тыйым уақыты 6 айға ұзаратынын хабарлады.

“Бүгінгі күні энергетика, қаржы министрліктері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы бар екенін атап өткім келеді. Оның шеңберінде бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады және оны тағы 6 айға ұзарту туралы мәселе пысықталуда”- деді энергетика министрі Болат Оралов.

Министрдің айтуынша 2022 жылдың қаңтар-наурыз айындағы есеп бойынша 3 айда 1,2 миллион тонна бензин және дәл сондай шамада дизель отыны өндірілген. Бензин өткен жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 2,9 пайызға, ал дизель отыны 10,5 пайызға артық өндірілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз