Биыл қажылыққа бару үшін ковидке қарсы вакцина салдыру шарт

0
728
Мұсылмандардың құбыласы Қағба. Photo: aljazeera.com

Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрі Тевфик Эль Ребия қажылыққа келетіндер үшін Covid-19 вакцинациясы міндетті екенін мәлімдеді.

Биыл коронавирусқа қарсы вакцина салдыру қажылыққа қатысу шарттарының бірі болмақ.

Министр Ребия шілде айында Мекке, Медина және қасиетті жерлерге медицина қызметкерлерін жеткізуге дайындықты бастау керек деп есептейді.

Сондай-ақ, министр қажылар үшін Ковид-19 комиссиясын құруды тапсырғанын айтқан.

Қажылық мұсылманның бес парызының бірі. Денсаулығы мен қаражаты бар мұсылман ғұмырында бір рет қажылық жасауға міндетті.

Жыл сайын 180-нен астам елден 2,5 миллион адам Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдинаға қажылыққа келеді.

Өткен жылы Сауд Арабия билігі коронавирустың өршуіне байланысты мың адамға ғана қажылық жасауға рұқсат берді.



        

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз