Осы жылы 8 наурызға қандай сыйлық берген жөн?

0
814

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні. Осыған орай ер адамдарда сыйлық таңдар кезде сұрақ туындауы мүмкін. Мереке қарсаңында kazaknews.kz тілшілері Нұр-Сұлтандық әйелдер қауымынан 8 наурызда қандай сыйлық қалайтынын сұрап көрді.

8 наурыз күні беретін сыйлықтар тізімі:

  • Бөлме гүлі – бұл сыйлықты анаңызға немесе үлкен апа, әпкелеріңізге сыйласаңыз болады. Себебі, сыйлық алған адам әрқашан үй ішіндегі бөлме гүлін көрген кезде сізді есіне алып, жақсылық ойлайды.
  • Сыйлықтар қорабы – қазіргі таңда instagram желісінде сыйлық қораптары көбейіп кетті. Оның ішінде: шоколад, кружка, хат, ойыншық аю және т.б. сыйлықтар болады. Мұндай сыйлықты көбіне қарындастарыңызға, жұмыстастарыңызға немесе жақын досыңызға сыйласаңыз болады.
  • Технология – бұл жерде нақтырақ телефон аксессуарлары туралы айтамыз. Мысалы, құлаққап, power bank(қуаттағыш), смарт сағат, телефон қабы және т.б. Бұл сыйлықтарды туыс қарындастарыңызға, өзіңіздің жарыңызға сыйласаңыз болады.
  • Косметика – Әйелдер қауымының күнделікті көп қолданатын нәрселерінің бірі түрлі косметикалар. Егер косметика дүкеніне кірер болсаңыз мұның сан-алуан түрлері бар екеніне көзіңіз жетеді. Мұндай сыйлықты өзіңіздің жарыңызға немесе жұмыстастарыңызға сыйласаңыз болады.
  • Ас үй жабдықтары – бұл сыйлық анаңызға, әпкелеріңізге және жеңгелеріңізге нағыз керек нәрсе, тіпті ол ас үйде бар болсада. Үй жиһаздарын сататын дүкенге кірер болсаңыз неше түрлі ас үй жабдықтарын көретін боласыз. Егер, сыйлық таңдаумен мәселе туындаса бірден осыдан бастасаңыз болады.
  • Электроника – егер электроника дүкеніне кірер болсаңыз бұл жерде таңдау көбейеді алайда бағалары да өседі. Ол жерден сіз үйге қажетті кір жуғыш, ыдыс жуғыш немесе шаңсорғыш секілді үй шаруасында қолданатын жабдықтардан бөлек ас үйде қолданатын микротолқынды пеш, блендер, тостер секілді керемет жабдықтар алсаңыз болады.
  • Сертификат – әйелдерге арнап массажға, сұлулық салонына, киім дүкеніне немесе жоғарыда айтылған дүкендердің біреуіне сертификат сыйласаңыз болады. Мұндай сыйлықтарды жарыңызға немесе ұжымыңыздағы әйелдер қауымына сыйласаңыз болады.
  • Сувенир – Бұл сыйлықтарды көбіне ресми түрде сыйлауға болады. Мысалы бастығыңыз немесе серіктесіңіз әйел адам болса, қабырға суреті, жұмыс үстеліне қоятын естелік зат, қойын дәптер, әшекей салатын қобдиша секілді сыйлықтар бере аласыз.
  • Кітап – маңыздылығы жағынан ең қымбат сыйлық болып табылады. Мұны кез-келген адамға ойланбастан сыйлай аласыз. Алайда, ең бастысы әрбір адамға арнайы критерилары арқылы таңдап алу қажет.
  • Сөмке – Бұл сыйлықты қарындастарыңызға, немесе орта буын қыздарға сыйласаңыз болады. Қазіргі таңда сөмкелердің де неше түрлісі бар. Жаңадан шыққан эко сумкаларды қолдану сәнге айналып келе жатқанын ұмытпағаныңыз жөн.
  • Киім-кешек – бас киімнен бастап, шұлыққа дейінгі киімдерді қосымша басты сыйлығыңыздың қасына қосып берсеңіз болады. Мұндай сыйлықтарды көбіне жақын адамдарыңызға сыйласаңыз болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз