Депутаттар Су министрін сұрақ астына алды

0
35

Бүгінгі мәжіліс отырысында су ресурстарының басқарылу тиімділігі талқыланып, депутаттар су министрін сұрақ астына алды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, отырыс барысында су министрі Нұржан Нұржігітовке, 33 депутат сұрақ қоюға ұсыныс жасағанын айтты. Регламент бойынша сұрақ қою рәсіміне бір сағат уақыт беріледі. Алайда сауал жолдаушы депутат санының көптігіне байланысты, уақытты 30 минутқа созу дауысқа салынып, сұрақ беру рәсімі тағы жарты сағатқа созылды.

Депутаттардың сауалы:

Бейсенбаев Елнұр: Суды қайта өңдеу мәселесін қозғады. Оның айтуынша Араб елдерінің көпшілігінде су 100 қайта өңделеді, ал Еуропа елдерінде 80-90 пайызға дейін. Қазақстанда суды қайта өңдеу 2,5 пайызды ғана құрайды.

Балабиев Қайрат: Трансшекаралық өзен суы көлемін арттыру мәселесі

Қарақат Әбден: Гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жоспары

Бейсенбаев Ержан: 13366 су шаруашылығы құрылыстарының жөндеуден өту мәселесі

Сабильянов Нұртай: Абай облысындағы каналдарға бөлінген ақша және оның жағдайы туралы

Жайымбетов Мархабат: Арал теңізінің жағдайы туралы

Жаңбыршин Еділ: Су дефициті қаупі туралы

Дайрабаев Жигули: Су қоймаларын зерттеу туралы

Қожаназаров Айдарбек: Су бассейн инспекторларының тиімсіздігі мен қауіпсіздігінің жоқтығы туралы

Әрине, депутаттардың сауалы мұнымен бітпеді. Осының бәріне су министрі Нұржан Нұржігітов шама-шарқы жеткенше жауап берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз