Домбыра қазақтың бренді мен паспорты – Назарбаев

0
480
Бүгін, жексенбі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні мейрамы аясында «Домбыра асыл мұра» мерекелік концертіне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы мұрамызды ұлықтайтын бүгінгі Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Менің Жарлығыммен жыл сайын осы айдың жексенбі күні Домбыра күні деп аталатын мереке болды. Сол Жарлыққа байланыст тек қана Астанада емес, Қазақстанның барлық түкпірінде, облыс орталықтары, қалалар, аудандар мен ауылдарда бүгін дəл осылай Домбыра мерекесі болып жатыр. Домбыра қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы деп айтуға болады. Ол ұлы даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр.

Елбасы асыл домбыраның тарихы мен қасиеті айта келе «Тыңдаушысынан жігерлендіретін төкпе күйлер мен сыршыл шертпе күйлер қазақтың табиғатын танытады. Күміс көмей әншілеріміз домбыраны қолға алып, сайын даланы жаңғыртып, әуелетіп ән салған. Қастерлі аспап бүгінде симфония мен операға әр беріп, классикалық өнердің ажырамас бөлшегіне айналып келеді. Ол қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті», деді.

кеш жүргізушілері

Бүгінгі концертке асыл мұрамызды одан әрі жандандыра түсуге ат салысып, халыққа насихаттауды міндет тұтатын 2 мың 200-ге жуық адам қатысты. Домбыраның құлағында ойнайтын қатысушының ең кішкентай қатысушының жасы 7-де болса, ең үлкенінің жасы 74 жастағы ақсақал.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз