Елімізде 11 мыңға жуық адам іздеуде жүр – Бас прокуратура

0
31
photo: pexels.com

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адамды іздеп жатыр. Оның 2176 хабар – ошарсыз жоғалғандар. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғалған адамдардың көпшілігі:

Алматы қаласы – 287;
Қарағанды облысы – 221;
Павлодар облысы  – 170;
Алматы облысында – 167.

Көбі отыз 30 жастан бастап 49 жас аралығындағы ер адамдар жоғалған  (77%).
Үйден кетіп, оралмаған – 1 634 адам, автокөлікпен жоғалған – 74, жұмыстан кеткен – 36.

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (514)
Астана қаласында (185)
Шымкент қаласында (155)
Алматы (143) 
Қарағанды (140) облысында іздеп жатыр. 

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады.


ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз