Елімізде киік атуға қайтадан тыйым салынды

0
19
inbusiness.kz

10 ақпаннан бастап еліміздің аумағында киік аулауға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

«Отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киік ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қазір қыс кезінде далада жүру қиындады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеуді тоқтаттық», – деді министр.

Оның айтуынша, киіктердің санын реттеу жұмыстары келесі жылы жалғасады.

«Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамырда егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі. Алдын ала есептеу бойынша шамамен 40 пайыз өсім болды. Жалпы, былтырғы өсімді есепке алғанда төлдейтін уақытта шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Тіпті пессимистік жағдайда да биыл өсім байқалады», – деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз