Енді жылжымайтын мүлікті онлайн рәсімдеуге болады

0
91
фото: Pixabay

Бүгінгі Үкімет отырысында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызметтердің шамамен 93%-ы электронды түрде көрсетілетінін айтты. Өткен жылмен салыстырғанда смартфон арқылы көрсетілетін қызметтер саны 6 есеге өскен.

Министрдің айтуынша бүгінде жұмыс берушілер мен мектептердің бұрынғыша анықтамаларды талап ету фактілері орын алуда. Бұл мәселені 2024 жылы толығымен шешу жоспарланған.

Отырыс барысында жылжымайтын мүлік бойынша онлайн мәмілелер платформасы таныстырылды. Мәселен, жылжымайтын мүлікті, мысалы, үйді, пәтерді немесе кеңсені сатып алу немесе сату кезінде бұрынғыдай нотариусқа немесе ХҚКО-ға жүгінудің қажеті болмайды.

Мұндай онлайн-сервис Blockchain технологияларын және биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып ұсынылатын болады. Әр объект бойынша жасалатын барлық іс-әрекеттер мен бейнематериалдар «электрондық үкіметте» сақталады. Осылайша, бірнеше күнге созылатын процесс 1 сағатқа дейін қысқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз