Имам Ерсін Әміре Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне байланысты исламдағы жазалау үкімін айтты

0
883

Имам Ерсін Әміре әлеуметтік желіде Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне байланысты исламдағы жазалау үкімін айтты. Оның айтуынша қан төккен адамды өлім жазасына кесу керек.

«Исламдағы жазалау екіге бөлінеді: бірі хад, екіншісі тағзир. Хад деген бұл – исламда белгілі бір қылмыстарға жазалау түрі бекітілген. Тағзир – соттың немесе басшының шешіміне қалдырылған жазалау түрі», – деп бастады сөзін имам.

Имам видео үндеуінде Құраннан аят келтіріп, қан төккен адамның өлтірілуі керектігін айтты.

«Кешегі ауыр жағдайға байланысты келетін болсақ, Алла тағала Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер, егер біреу біреуді өлтіретін болса, кек алу міндет етілді» деді. Әлбетте бұл жерде мәйіттің отбасына таңдау беріледі. Бірақ мәйіттің отбасы талап етіп тұратын болса, қан төккен адам өлім жазасына кесілуі керек», – дейді “Төле би” мешітінің Бас имамы, Хафыз Ерсін Әміре.

Видео нұсқасын көру үшін: Сілтеме арқылы өтіңіз

Оқи отырыңыз: 5 жасар қыздың өлімі: Сарыағашта не болып жатыр?

Айта кетейік, 13 шілде күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен азаптап және зорлап өлтірілген қыздың денесін тапқан. Күдікті бұған дейін сотты болған. Қазіргі таңда халық қылмыскердің өлтірілуін талап етуде.

Оқи отырыңыз: Убийство пятилетней девочки: сарыагашцы вышли на протест

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз