Үкімет автогаз бағасын көтеруді жоспарлап отыр

0
55

Энергетика министрлігі жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Құжат бойынша Қазақстанда келесі жылдың 1 қаңтардан бастап автогаз бағасын өсіру жоспарланып отыр:

  • Астанада – литрі 70 теңгеден 76 теңгеге дейін;
  • Алматыда – литрі 75 теңгеден 81 теңгеге дейін;
  • Шымкентте – литрі 60 теңгеден 64 теңгеге дейін;
  • Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарында – тиісінше 75 теңгеден (шалғай елдімекендерде – 80 теңге) 81 және 86 теңгеге дейін;
  • Ақмола облысында – 70 теңгеден (шалғай аудандарда – 75 теңге) 76 және 81 теңгеге дейін;
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 50 (55) теңгеден 54 (59) теңгеге дейін;
  • Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 70 (75) теңгеден 76 (81) теңгеге дейін;
  • Жамбыл облысында – 65 (70) теңгеден 71 (76) теңгеге дейін;
  • БҚО, Қызылорда, Түркістан облыстарында – 60 (65) теңгеден 64 (69) теңгеге;
  • Павлодар облысында – 70 (75) теңгеден 74 (79) теңгеге дейін көтеру жоспарланып жатыр.

Аталған құжат 2023 жылғы 19 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Айта кетейік, автогаздың қазіргі шекті бағасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды. Осыған байланысты министрлік бұйрық жобасын «Ашық» НҚА порталында жариялау мерзімін 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз