Зейнетақы қоры: 2024 жылы жинақтардың жеткілікті шегі қандай болады?

0
54

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келесі жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі жас ерекшеліктеріне қарай 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болатынын хабарлады.

“Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты. Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады”, – делінген қор хабарламасында.

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге; 
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз