Ұлттық Банк QULAN коллекциялық монетасын сатылымға шығарады

0
196
фото: nationalbank.kz

«Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан QULAN коллекциялық монеталары 2022 жылдың 27 шілдесінен бастап сатылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz платформасында интернет-дүкеннен сатып алуға болады. Интернет-дүкеннің қазіргі нұсқасы жұмыс күндері, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

«QULAN» монеталарының сипаттамасы:

Құлан – жылқы тұқымдас, сирек кездесетін жануар. Латынша атауы – «EQUUS HEMIONUS». Оған алғаш рет 1775 жылы сипаттама берілген. Қазақстанда құлан Үстірт пен Маңғышлақта кездескенімен, өткен ғасырдың 30-жылдары жоғалып кеткен. 1953 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына түркімен құландары әкелінді. 1982 жылдан бастап Алтын Емел, Бетпақдала ұлттық саябағында және солтүстік Ақтауда оларды жерсіндіру жұмыстары басталған.

photo: nationalbank.kz
photo: nationalbank.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз