Мәжіліс отырысына қатысқан 91 депутаттың барлығы бірауыздан Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
«Заң жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу мақсатында әзірленген. Жоба бойынша Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы шоттарында жинақталады», – деді депутат Такиев Мәди.
Осылайша кәмелетке толған азаматтар, бұл қаражатпен тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндігі болады.