NEET санатындағы қазақстандықтар жоба арқылы 1 миллион теңге ала алады

0
15
Sputnik / Абзал Калиев

25 наурызда Қазақстанның 20 өңірінде Zhas Project-ке қатысу үшін конкурстар басталады. Жоба шеңберінде әрқайсысы 1 млн теңге болатын 280 шағын грант беру қарастырылған. Өтініштер 24 сәуірге дейін қабылданады.

Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) NEET санатындағы жас қазақстандықтар қатыса алады. NEET ұрпағы – әртүрлі экономикалық, әлеуметтік немесе саяси факторларға байланысты жұмыс істемейтін немесе оқымайтын жастар санаты.

“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының cisc.kz ресми сайтында “Zhas project” жеке бөлімі бар. Онда конкурс өтетін аймақтардың тізімі берілген. Үкіметтік емес ұйымдардың, яғни конкурсты ұйымдастырушылардың байланыстары, қатысуға өтінім беретін сайттардың мекенжайы көрсетілген”, – деді орталық басшысы Лима Диас.

Байқау қорытындысы 15 мамырда жарияланады. Ең жоғары жалпы ұпай жинаған 280 үміткер конкурс жеңімпазы атанады.

Өтініш берушінің облыста тұрақты немесе уақытша тіркеуде тұруы және уақытша жұмыссыз жастар мәртебесі болуы қажет. Әрбір қатысушы байқауға бір ғана әлеуметтік жоба ұсына алады. 2023 жылы жоба бойынша шағын грант алған жастар қатыса алмайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз