«Оңтүстікте ұн бағасы -15 мың теңге»: Президентке үндеу

0
69
Photo: Otyrar.kz

ҚР Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек, фэйсбук парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, Оңтүстікте ұн мен қанттың бағасы шарықтап тұрғанын жеткізді.

«Құрметті президент! Сізге, жаныңызда жүргендер баяндамай жасырып отырған болу керек. Халықтың аманатын, жан айқайын жеткізейін. Оңтүстікте ұн бағасы -15 мың теңге. Қант бағасы-13 мың теңге бір ақ шықты. Азық -түлік бағасын жергілікті әкімдер бақылауда ұстай алмай отыр», – деп жазған Айгүл Орынбек.

Бұдан бөлек президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі, премьер-министр Әлихан Смайловтың отставкаға кетуін талап етті.

«Смайлов басқарған үкіметпен бұл қыстан шыға алмаймыз. Азық-түлік бағасын ұстай алмай отырған үкіметбасы бізге керек пе? Депутаттар, әу десеңдерші, барсыңдар ма? Мәжілісте отырған оңтүстіктің депутаттары үндемей бас шұлғып отыруға бардыңдар ма? Шығарсаңдаршы дауыстарыңды, сұрасаңдаршы үкіметтен, ұн мен қанттың бағасы қайда ұшып барады? Президент тапсырма бермесе, жұмыс істемейтін Үкімет басы отставкіге кету керек», – деп жазған Айгүл Орынбек Facebook парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз