Құрбан малын қалай сою қажет? Арыстан қасапшының кеңесі

0
378

Бірер күн бұрын қала сыртындағы “Алтын таға” базарына барып құрбанға сойылатын мал бағасын біліп қайтқан болатынбыз. Құрбан айт қарсаңында “Алтын тағаға” тағы да ат басын бұрдық. Базар алды көліктен, іші ет арқалаған адамнан көрінбейді. Мұндағы тірліктің ең қызып жатқан жері құрбандық шалынып жатқан алаңқай.

Алаңқайға жақындап, бір қойды сойып енді біткен Арыстан есімді қасапшыны әңгімеге тарттық.

– Жалпы мал сойғанда өте ұқыпты болу керек. Сонымен қатар союдың да түрлі әдістері бар. Құрбан малын сойғанда да ыждаһаттылық танытқан дұрыс. Терісінде ет қалдырмай, ысырап етпей тазалап сою қажет. Бір малды сойып, бұтарлап беру құны 2500 теңге. Ал, сол қойды союға 20 минут уақыт жұмсаймын. Бүгіндікке таңертеңнен бастап 10 шақты қой сойдым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз