Ресей – Украина соғысы эмигранттар санын төрттен бірге қысқартты

0
164
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Кейінгі онжылдықта алғаш рет өзгеше үрдіс байқалды. Бұл кейінгі бір жылдағы эмигранттар санының 8 мың адамға азаюы, яғни 32,3 мыңнан 24,2 мың азаматқа қысқарды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Қазақстанды тұрақты тұратын ел ретінде қарастыратын келушілер саны да арта түскен. Егер 2021 жылы мұндай 11 мың шетелдік болса, 2022 жылы олардың саны 56,7% артып, 17,3 мың адамға жеткен.

Жалпы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2011 жылдан 2022 жылдың қазан айына дейін елден 367,1 мың адам кеткен. Еңбекке жарамды эмигранттардың 38%-ы жоғары, 34%-ы орта кәсіптік білімге ие. Сонымен қатар, кейінгі 10 жылда елімізге келген жоғары білімі бар шетелдіктер саны екі еседен астамға азайған.

Неліктен 2022 жылы эмигранттар саны азайды? Жауап айқын — соғыс пен санкциялар кезеңінде халықтың Ресейге көшуді қаламауы — статистикамен дәлелденген. Өйткені 2021 және 2022 жылдардағы эмигранттар санындағы айырмашылық негізінен Ресей Федерациясына кеткен қазақстандықтар санының азаюына байланысты болды. Мұндай адамдар бірден 27,1% немесе 7,2 мың адамға азайды (жалпы эмигранттар саны 8 мың адамға азайды).

Көшіп кетуші славян қазақстандықтар саны азайды.

2022 жылы Қазақстаннан кетуге шешім қабылдаған орыстар саны 5,7 мыңға — 21,8 мыңнан 16,1 мың адамға дейін қысқарды. Көшіп кеткен украин мен белорус саны 700-ден астамға азайды. Статистикаға немістер де әсер еткен: Қазақстаннан осы ұлттың 2,3 мың өкілі кеткен (2021 жылмен салыстырғанда 694 адамға аз). Бұл ұлт кейінгі он жылда негізгі көшіп кетуші ұлт болып тұр.

Қазақстанға келушілер санының артуына не әсер етті?

Ресейлік қоныс аударушылар Қазақстанға келушілердің көбеюіне ішінара ғана әсер етті. Қазақстанға қоныс аударған 17,3 мыңның ішінде ресейліктер тек үштен бірін немесе 5,9 мың адамды құрады (бірақ айтарлықтай 2,4 мың адамға көбейген).

Қазақстанға көшіп келушілердің ең көп үлесін Өзбекстан азаматтары құрады (6,5 мың адам, өсім 2,4 мың адам).

ҚР заңнамасына сәйкес, 2022 жылы Қазақстанға 90 күнге дейін келген ЕАЭО елінің азаматы тек Ішкі істер министрлігінің визалық-көші-қон порталында немесе ХҚКО-да тіркелуі қажет. Ұзақ тұруды шешкендер өз шешімін негіздеп, уақытша тұруға рұқсат (УТР) алуға өтініш беруі керек.

Кейінгі бір жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше: 374,9 мыңнан 469,3 мыңға дейін (25,2% көбейген). (Ranking.kz)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз