Қ. Сатыбалды ісіне байланысты 14 миллион АҚШ доллары Қазақстанға қайтарылды

0
124
Қайрат Сатыбалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты, елден заңсыз шығарылған 14 миллион долларды қайтарған, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарған.

«Аталған қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады», – делінген Антикор хабарламасында.

Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ.Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылған.

Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

«Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда», – дейді Антикор баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз