Д. Қонаевқа 112 жыл: Қазақтың біртуар тұлғасы туралы 10 дерек

0
86
Дінмұхамед Қонаев Сурет: inform.kz

Бүгін – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. (12 қаңтар 1912 жыл – 22 тамыз 1993 жыл)

Ол, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.

Д. Қонаев туралы 10 дерек:

1. «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты автобиографиялық кітабында Д.Қонаев өзінің ұлы жүздің ысты руынан шыққанын айтады.

2. Жазушы Әлжаппар Әбішев Қонаевты ең жиі сынаған адамдардың бірі. Д.Қонаев басқа пәтерге көшкенде 3 бөлмелі пәтерін басқаға емес, сол Ә.Әбішевке қалдырған.

3. Қонаевтың таңертең Үкімет үйіндегі жұмысына жаяу аяңдап бара жатқанын халық жиі көрген.

4. Ол, коллекциялық қару-жарақ жинаумен айналысқан. 80-жылдардың соңында қуғындала бастаған кезде коллекциясындағы қару-жарақтар тәркіленген. Тәркіленген қару-жарақтардың кейбіреуі әлі күнге дейін қайтарылмаған. Қайтарылғандарының басым бөлігі қазір Алматыдағы Қонаев мұражайында.

5. Музыканы ерекше жақсы көрген, үйінде музыка қосылып тұрғанын қалаған. Лондонға барған сапарында Майкл Джексонның, BeeGees тобының пластинкаларын сатып алған.

6. Өте қарапайым өмір сүрген. Қонаевтың үйіне алғаш келген И.Брежнев  бір бөлме, ас үй және жеке кабинетін көріп «Иәәә! Бізде полтбюроның мүшелері де бұдан жақсы тұрады!» деп таңданысын білдіріпті.

7. Министрлер кабинетінің төрағасы болғаннан кейін академик атағы үшін төленетін 340 сом төлемақыдан бас тартқан. Бұл қаражат балалар мен жас ғалымдарға көмек ретінде аударылып отырған.

8. Өмірінің соңына дейін коммунистік идеяларға адал болғанына қарамастан, кітапханасында Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» тарихи-көркем шығармасы болған.

9. Оттық (зажигалка) жинаумен айналысқан. Коллекциясындағы 476 оттықтың біразын Жапония премьер-министрі Ясухиро Накасонэ, АҚШ Президенті Джон Кеннеди, Египет президенті Гамаль Абдеь Насер, Ирак премьері Саддам Хусейин сынды әйгілі саяси тұлғалар сыйға тартқан.

10. Ұйғыр жазушысы А.Ганиев болса «Исмайил Юспов: С чистотой помыслов» атты деректі повесінде Қонаевтың ұлты – татар, қызметте жоғарылау үшін төлқұжатта «қазақ» болып жазылды деген тұжырым жасайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз