Түркістан облысында жоғалған туристер: Тағы бірінің мәйіті табылды

0
654

12 маусымда Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан жоғалған туристердің бірінің өлі денесі табылды. Мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екені анықталды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқи отырыңыз:  Түркістан облысында жоғалған жеті студент іздестіріліп жатыр

Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныған. Ол, 17 жастағы Түркістан облысының тұрғыны Қуаныш Тоқтасын.

Қуаныш Тоқтасын

Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен алу мүмкін болмай, құтқарушылар Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітті алған. Құтқарушылар денені тікұшаққа дейін жаяу апарған. Мәйіт сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылған.




Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінен, ҰҚК Шекара қызметінен, орман шаруашылығынан, Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінен барлығы 127 қызметкер, 15 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жоғалған үш турист аман-есен табылған. Қалған екеуінің денесі табылды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз