Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

0
196

19 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесіп, екі ел арасындағы келіссөздерге қорытынды баға берді. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының өткізген келіссөздерінің қорытындысын жоғары бағалады.

“Екі мемлекеттің сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамығанын атап өткім келеді. Ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға мүмкіндік беретін маңызды келісімдерге қол қоюға дайындық жүріп жатыр. Пандемияға байланысты туындап отырған барлық қиындықтарға қарамастан, екі ел арасындағы сауда өткен 5 айдың ішінде 26 пайызға артты”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті болашақта экономикалық байланыстарды арттырудың әлеуеті зор екеніне назар аударды. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресейдің пандемияға қарсы күрес және бірлесіп вакцина шығару сияқты өзара іс-қимылдағы басым бағыттар туралы сөз болды.

Тараптар аймақтар арасындағы байланыстардың оң қарқыны туралы да пікір алмасты. Бұл қатынастарға осы күзде Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін кезекті Аймақаралық ынтымақтастық форумы тың серпін береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз