“URKER – 2022” ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

0
303
"URKER – 2022" ұлттық бәйгесінің Шерхан Мұртаза атындағы премия иегері Қали Сәрсенбай және Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі.

28 қазан күні Астанада Қаазмедиа орталығында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін “URKER – 2022” ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды.

Ел аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатысты. Биыл шорт-параққа 52 номинант кірген.

Салтанатты рәсімде номинациялар бойынша журналистика саласындағы сыйлық жеңімпаздарының есімдері аталды:

Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz
Жылдың үздік репортажы: Анар Қоныс – Aikyn.kz.
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz
Жылдың үздік сұхбаты: Ая Өміртай – Halyq-uni.kz.
Халықаралық тақырыптағы үздік материал: Сауле Исабаева – Qmonitor.kz
Радиостанциядағы үздік жоба: “Ой – түйін” – Qazaq radiosy
Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия: “Қырғыз әдебиеті” жобасы – “Таң-Шолпан” журналы.

Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Zakon.kz

Үздік өңірлік БАҚ: “Saryarqa samaly” газеті

Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия: Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова – “Маңғыстау” газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қазбек Құттымұратұлы – “Egemen Qazaqstan” республикалық газеті

Биыл аталған сыйлыққа 500-ден аса үміткер материал жіберген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз