Жаңадан құрылған Жетісу, Абай және Ұлытау облысы тұрғындарының автокөліктеріне берілетін аймақ нөмірлері жарияланды. Бұл жөнінде ішкі істер министрлгінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік ақпаратына қарағанда, көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
“Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, Ұлытау облысы – 20”, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
ІІМ мәліметінше, жаңа аймақтарда көлік кодтарын енгізуде бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.