Жас футболшы: Әр гол соққанда, бір ағаш отырғызамын

0
154
Сурет: bbc.com

Бұл Лесейн. Ол 14 жаста. Лесейн футбол ойнағанды, әрдайым сыртта серуендегенді жақсы көреді. Лесейн BBC-ге берген сұхбатында былай деді:

“Тау, таза ауа жалпы табиғатпен байланысты үзгім келмейді. Осы ниетте ағаш егумен тыңғылықты айналысуды бастадым. Себебі, соңғы уақытта ормандардың жойылып, климаттың өзгергендігін және ауаның ластанғанын жиі естимін. Сондықтан мен екі нәрсені бірге алып жүруді ұйғардым. Талдар мен голдар. Анығырақ айтсам футболда әр гол соққан сайын, бір ағаш егемін деп шешім қабылдадым. Қазірге дейін 31 гол соқтым және 25 ағаш отырғыздым. Бұл істі бастауға шабыттандырған анам еді. Өйткені, ол кісі футболды бастамай тұрып-ақ мені әрдайым қолдады. Кенияның әр аймағында орман жасау арқылы гол соғуды қалаймын. Кейін бұл ормандарды бүкіл Африкада жасағым келеді”.

National Geographic ақпаратына сәйкес, Жер бетінің 30 пайызы орманнан құралған. Ағаштарды жоюда ең көп үлесті ауыл шаруашылығы алып отыр. Себебі фермерлер жайылымды кеңейту үшін ағаштарды кеседі. Әсіресе кішігірім шаруашылықтар талды кескеннен кейін, күйдіріп, жерді қопсытып тастайды.

Сурет: nationalgeographic.com

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз