Сабақ оқитын немесе құрбыларыңмен сырласатын ерекше,тыныштыққа толы орын іздеп жүрсің бе?
Қазіргі уақытта қалада «Zebra», «Express» сияқты кофеханалар көп. Алайда олардаң өзгеше көпшілік білмейтін, ерекше жылу мен шабыт сыйлайтын орын бар — Book cafe. Аты айтып тұрғандай, бұл тек кофе ішетін жер ғана емес, кітап пен ой тоғысатын шағын әлем.
Book cafe-ге кірген сәттен бастап өзгеше атмосфера сезіледі. Ескі кітаптар мен ерекше декор, жылы жарық шамдар мен нәзік әуен – бәрі де көңілге жайлылық сыйлайды. Мұнда уақыттың қалай өткенін байқамайсың, ал сабақ оқуға немесе шығармашылық ойлануға таптырмас орта табылады.
Ең қызығы – Book cafe-де әртүрлі елден келген адамдармен танысуға болады. Біз барған кезде Швейцариядан келген студентпен әңгімелестік. Ол өзінің ойымен бөлісті:
«Кұрбым екеуміз 3–4 сағаттаң бері отырмыз. Бізге бұл жердің жайлылығы ерекше сезілді. Мен өзім Вангокты жақсы көремін. Және бұл жерден мен сол жақтың суреттерін көргеннен кейін сол вайб сезілді» – деді ол.
Мұнда сондай-ақ Кореядан келген қонақтарымызды да көрдік. Кірген беттең барлық адамдар өз ноутбуктарымен жұмыстарымен айналысып отырды. Біраз уақыттаң кейін бірнеше столикте отырған адамдар өз араларында ағылшын тілінде әңгімелесе кетті. Сол жердегі жылы атмосфераны көзбен көрмесе сөзбен жеткізу қиын.
Егер күнделікті жерлерден, шулы қаладан шаршасаңыз, осында келуді шын жүректен ұсынамыз. Мұнда уақыт баяу өтіп, әр сәтіңіз кітаптың жағымды иісі мен жылы әңгімелер арасында өтеді. Жай ғана келіп отыру, ойлану , жаңа адамдармен танысу – барлығы бірдей шабыт сыйлайды. Book cafe — өзіңізге демалыс сыйлайтын ерекше орын.
Сабина Бекболат, 11-сынып оқушысы





















































