Білім министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі өткен үкімет отырысында су тасқынына байланысты Шығыс Қазақстан облысының кейбір мектептерінде ВОУД (Оқу жетістіктерін сырттай бағалау) сынағының өткізілмейтінін хабарлады.
Ерлан Сағадиев: «Бүгінгі отырысты пайдаланып, xалыққа бір ақпарат жеткізгім келіп отыр. Су тасқынына байланысты бірнеше аудандарда, мәселен, Шығыс Қазақстанның бірқатар мектептерінде ВОУД өткізбейтін болдық. Нақты ақпарат бүгін облыстарға жіберіледі», – деп атап көрсетті.
Еске саламыз, Білім министрі бүгінгі өткен үкімет отырысында білім беруді және ғылымды дамытудың төрт жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша есеп берді.