Оқи отырыңыз: Астанада құрбан малының бағасы қанша?
Құрбан айт – Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы. Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні басталады. Ол күні Астана қаласының барлық 9 мешітінде мерекелік «Айт намазы» (басталуы: сағат 7:00) оқылады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады.
Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары:
Алматы ауданы: «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды т/ж).
Байқоңыр ауданы: «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш шоссесі, 30 («Көк Базар» базарының арты), «Есжанова А» ЖК, «Жайлау», Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» т/ж, 9 км, «Темеш» ШҚ, Астана – Софиевка т/ж 7 км.
Сарыарқа ауданы: «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары).
Есіл ауданы: «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңы. Сонымен қатар Құрбан айт мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «2288» Call-center жұмыс істейді.