Қазақстанда 10 желтоқсаннан бастап жаңа пойыздың кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Темір жол жолаушылар тасымалы.
Теміржол көлігі жөніндегі кеңестің 66-шешіміне сәйкес 2017 жылғы 10-желтоқсаннан бастап 2017-2018 жылдарға арналған жаңа пойыздың кестесі жасалатын болады.
Сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында күнделікті айналымда № 154/153 Астана-Семей қосымша жылдам пойызы іске қосу жоспарланып отыр.
2018 жылдың 1 – қаңтарынан бастап «Астана-Лениногорск» № 376/375 стандартты пойызының жылжымалы құрамы заманауи «Талғар-Тальго» вагондарымен ауыстырылады.
Сонымен қоса 2018 жылдың 1 – қаңтарынан бастап жылдамдатылған пойыздардың нөмірлері өзгереді.
– Алматы – Атырау бағытында жүретін № 35/36 пойыздардың орнына № 77/78;
– Астана – Актобе бағытында жүретін № 97/98 пойыздардың орнына № 87/88;
– Алматы – Петропавловск бағытында жүретін № 703/704 пойыздардың орнына 705/706;
– Астана – Шымкент бағытында жүретін № 709/710 пойыздардың орнына № 707/708 пойыздар жіберіледі.
Сондай-ақ, «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша № 303/304 «Алматы-Екатеринбург» пойызының маршруты Қазан қаласына дейін ұзартылды.
«Алматы-Екатеринбург» бағытындағы пойыз 2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ол халықаралық № 303/304 «Алматы-Астана-Қазан» пойызы ретінде қатынайтын болады.
Жадыра Аманбайқызы