СІМ Еуропарламент қарарына жауап берді

0
194
Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Photo: Telegram / MFA Qazaqstan

11 ақпан күні Еуропа парламенті “Қазақстандағы адам құқықтары жөнінде” дейтін қарар қабылдаған. Қарарда Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуы жиілеп кеткені, азаматтық белсенділердің биліктен қысым көретінін, кейбірінің қудалау кезінде қайтыс болып жатқанын, сайлаулардың әділ өтпейтіні, азаматтық қоғам аясының тарылғаны айтылады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров резолюцияда айтылған адам құқықтарына қатысты мәселелер шындыққа жанаспайтынын айтады. 

“Брюссельдегі еуродепутаттардың кейбір қарарларды мәселенің байыбына бармай, фактілерді дұрыстап тексермей, “автоматты түрде” қабылдай салатынын білеміз. Осы тұрғыдан бізді жаңа қарарда бір құжаттан екінші құжатқа дәстүрлі түрде көшіп жүретін “ескі кейстердің” көп болуы таңғалдырмайды” дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров 13 ақпан күні “ҚазАқпарат” агенттігіне берген сұхбатында

“Біздің көзқарасымыз бойынша, қарар мәтіні елдегі ахуалды бұрмалайды” деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Смадияров қарарды “теріс ұстанымдағы саясаткерлер” ұсынғанын айтты, бірақ ол саясаткерлердің аты-жөнін атамады.

Еуропарламенттің Қазақстан жөніндегі қарарын 693 депутаттың 598-і қолдаған. 43 депутат қарсы дауыс берген. Қарар адам құқығын бұзылуына жауапты Қазақстан азаматтарына, мекемелеріне санкция салуды қарастыруға шақырады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз