20 наурыздан бастап, COVID-19 вирусын жұқтырмағаны туралы ПТР анықтамасы жоқтар рейске жіберілмейді. Бұл туралы @egovhelpkz хабарлады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға шетелден келгендер білуі тиіс карантинге қатысты 4 ереже
Бұл шешімді Қазақстанның туроператорлар қауымдастығы қабылдап, авиакомпанияларды хабардар етті. Осыған дейін, шетелден ПТР анықтамасыз келген қазақстандықтарды елде мемлекет есебінен қаржыландырылып тегін тест алынған болатын.
Жаңа шешімге байланысты саяхатқа шыққан әрбір қазақстандық өз қаражатына тест тапсырып, анықтамасымен бірге келуі тиіс.
Оқи отырыңыз:Өткен тәулікте 1243 адам вирус жұқтырып, 11 адам қайтыс болды