Кіші Талдыкөлді көму уақытша тоқтайды

0
167
Кіші Талдыкөл. Камаздар көлге құм төгіп жатыр. Су бетінде қоқиқаздар жүр.

Астана шетіндегі Кіші Талдыкөлді көму уақытша кідіреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қала құрылысы жөніндегі орынбасары Нұрлан Нұркенов экология мәселесі бойынша республикалық қоғамдық кеңес жиынында айтқан.

Оқи отырыңыз: Кіші Талдыкөлге төнген қауіп және “үнсіз” билік

Қала әкімінің орынбасарының кеңес отырысындағы сөзін Талдыкөлді сақтап қалу жөнінде бастама көтеріп жүрген белсенділердің бірі Жәмилә Садықова Facebook парақшасында жариялады.

Садықованың сөзінше, Нұр Отан партиясы экология мәселесі бойынша республикалық қоғамдық кеңес шақырған, оған экология белсенділерінен өзге Нұр – Сұлтан қаласының әкімдігі мен экология министрлігінің өкілдері қатысқан.

“Талдыкөл борсыған көл дейтін мифтің күлі көкке ұшты. Эколог Руслан Оразалиннің презентациясынан кейін алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар, өзін өзі тазартатын экология жүйесі қалыптасқан, 13 мың жылдан бері келе жатқан тірі көл екеніне жұрттың бәрінің көзі жетті”, – деп жазды ол.

Қоғамдық кеңес “жағдай толық айқындалғанша көлді көмуді тоқтата тұру” туралы шешім қабылдаған және Нұр-Сұлтан әкімдігіне көл төңірегіне салынатын құрылыс туралы құжаттарды жариялауды міндеттеген.

Есіл өзенінің сол жағалауында, Нұр-Сұлтан қаласымен іргелес жатқан Кіші Талдыкөлді қорғау акциясын ондаған белсенділер биыл тамыз айынан бері күшейткен. Олар шағын көл қалаға сән береді, флора мен фаунаның сақтап қалады деп есептейді. Ал қала әкімдігі мен құрылыс компаниясың өкілдері көлді құрғатқаннан табиғатқа зиян келмейді деген уәж айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз