18 қаңтар сағат 03:00-17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желі сервистері жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Осы уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
“«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз”, – делінген хабарламада.