Ресейлік бидайды «Қазақстандық өнім» деп Орталық Азияға шығармақшы болғандар ұсталды

0
141
Бидай. Көрнекі сурет.

Ресейлік бидайды қазақстандық өнім ретінде экспорттау үшін жалған келісім-шарттар бойынша заңсыз әкелу схемасын анықталды.

Анықталған азамат 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған. Осылайша, жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған.

Оқи отырыңыз: Депутат: Ресейден келетін сүт өнімі – Контрафакт

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған.

«ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Шаруалар нарықты Ресей өнімінен қорғауды сұрап жатыр

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз